Қаратал ауданында ҚР Қорғаныс министрлігінің «15603 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету, әскери қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында «Адалдық жолдауы» акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара Жетісу облысы Қаратал ауданының Жаңаталап ауылында орналасқан әскери бөлімде өтті. Акция барысында әскери қызметшілерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп талаптарын сақтау, заңнаманы қатаң орындау және қоғамдағы адалдық құндылықтарын дәріптеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қатысушылар құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтық жауапкершілікті арттыру және әскери тәртіпті сақтау бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Акцияның негізгі мақсаты — әскери ортада ашықтық пен әділдік қағидаттарын нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру және әскери қызметшілердің заң талаптарына құрметпен қарауын қалыптастыру.

Іс-шара соңында қатысушылар адалдық, жауапкершілік және заң үстемдігі қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *