Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай және елдегі конституциялық реформалардың маңызын дәріптеу мақсатында Талдықорған қаласында «Рәміздерім – мақтанышым» атты жасанды интеллект (ЖИ) форматындағы бейнебайқау өтті.
Аталған байқау мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ерекше рөлін насихаттауға, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайтуға және заманауи технологияларды шығармашылық бағытта тиімді пайдалануға арналды. Сонымен қатар, іс-шара барысында конституциялық реформалардың негізгі қағидаттары кеңінен түсіндіріліп, заң үстемдігі мен әділетті қоғам құру жолындағы өзгерістердің маңызы жастар арасында дәріптелді.
Байқау барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұранының тарихи мәні мен мазмұнын, олардың ел тәуелсіздігі мен бірлігінің символы ретіндегі орнын жасанды интеллект технологияларының көмегімен әзірленген бейнероликтер арқылы таныстырды.
Бейнебайқау жастардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, цифрлық сауаттылығын арттыруға және инновациялық технологияларды қоғамдық маңызы бар тақырыптарды насихаттауда қолдануына мүмкіндік берді. Қатысушылардың жұмыстары мазмұндық тереңдігі, тақырыптың ашылуы, идеяның жаңашылдығы, көркемдік шешімі, техникалық орындалу сапасы және жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану деңгейі бойынша бағаланды.
Іс-шара жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік рәміздерді дәріптеу арқылы патриоттық құндылықтарды нығайтуға өз үлесін қосты.