Талдықорғанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер — ел бірлігінің айнасы» тақырыбында облыстық дебат турнирі өтті. Іс-шара жастар арасында патриоттық құндылықтарды дәріптеуге, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыруға бағытталды.

Аталған турнирге облыстың белсенді жастары, студенттер мен пікірсайыс қозғалысының өкілдері қатысып, мемлекеттік рәміздердің қоғамдағы маңызы, ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі, патриотизмді нығайтудағы ықпалы және жастардың ел болашағына деген жауапкершілігі төңірегінде өзара пікір алмасты.

Турнир барысында қатысушылар өздерінің шешендік қабілеттерін, сыни ойлау дағдыларын және қоғамдық-саяси мәселелерді талдау мүмкіндіктерін көрсетіп, өз ұстанымдарын дәлелдер арқылы қорғады. Сонымен қатар дебат алаңы жастардың құқықтық және саяси сауаттылығын арттыруға, өзекті мәселелер бойынша еркін пікір білдіру мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Іс-шара аясында мемлекеттік рәміздердің тарихи мәні мен маңызы кеңінен насихатталып, олардың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы орны туралы пікірлер ортаға салынды. Сондай-ақ жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Облыстық дебат турнирі жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға ықпал еткен маңызды алаңға айналды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *