Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы «Головацкий атындағы орта мектеп» КММ-де жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «EcoSana» зияткерлік ойыны жоғары деңгейде өтті. Аталған шара экологиялық мәдениетті насихаттауға, жастардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау бастамаларын қолдауға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Іс-шараның әділқазылар алқасының құрамында:
• «Головацкий атындағы орта мектеп» КММ-нің менторы – Ауған Бауыржан Бейбітұлы;
• «Головацкий атындағы орта мектеп» КММ-нің педагог-ұйымдастырушысы – Ержан Еділ;
• «Головацкий атындағы орта мектеп» КММ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – Асан Мейірман болды.
Зияткерлік ойын барысында қатысушылар экология саласындағы білімдерін ортаға салып, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздік және экологиялық мәдениет тақырыптары бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Командалар өзара тартысты бәсекеге түсіп, жоғары дайындық деңгейін, білімдерін және ұйымшылдықтарын көрсетті.
Шара қорытындысы бойынша жүлделі орын иеленген қатысушылар «Panfilov jastary» филиалының атынан алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
«EcoSana» зияткерлік ойыны жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған маңызды бастама болды. Іс-шара экологиялық тәрбие – саналы әрі жауапты қоғам қалыптастырудың маңызды бөлігі екенін айқын көрсетті.
