Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Айбек Дәдебай атқарды. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.
Ал Роман Скляр бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Роман Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.
Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.
1989-1990 жылдары – «Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы.
1990 жылы – «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері.
1990-1999 жылдары – «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор.
1999-2002 жылдары – «Тыныс» ЖШС директоры.
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.
2003-2005 жылдары – Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.
2005 жылғы қантардан бастап – Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.
2005 жылғы сәуірден бастап – Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.
2006 жылы – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.
2006-2007 жылдары – Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.
2007-2008 жылдары – Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2010-2011 жылдары – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі.
2014-2016 жылдары – «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті.
2016 жылы – Қазақстан Республикасы мәжілісінің депутаты, ҚР парламенті мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.
2016 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.
2016-2019 жылдары — инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.
2019 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
2019 жылғы 18 қыркүйекте президент жарлығымен премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылғы 18 қаңтарда президент жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болды және 2023 жылғы 3 сәуірде бұл лауазымға қайта тағайындалды.
2024 жылғы 5 ақпанда президент жарлығымен ҚР премьер-министрінің міндеттерін уақытша атқарушы, ал 6 қаңтарда премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
