2025 жылы Жетісу облысында Экология департаменті тарапынан 29 тексеру жүргізіліп, 115 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде 76-сы — өрескел. Жалпы сомасы 408,3 млн теңгеге 137 әкімшілік айыппұл салынды.
Өңірдегі негізгі проблемалардың бірі, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі. Облыста 7 полигон және 182 қалдық жинау пункті жұмыс істейді, алайда олардың экологиялық жағдайы талаптарға сәйкес келмейді. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі небәрі 17,8%-ды құрайды.
Сонымен қатар, бірқатар аудандарда кәріздік тазарту құрылыстарының жұмысында мәселелер анықталды: ағынды сулар тазартусыз немесе нормативтерден асып төгіледі, бұл нысандарды жаңғыртуды қажет етеді.
Талдықорған қаласындағы ауаның сапасына жылу энергиясының 85%-ын қамтамасыз ететін «Басқуат» қазандығы елеулі әсер етеді. Оны газға көшіру арқылы жаңғырту жобасы 2027-2028 жылдарға шегерілген, бұл экологиялық жүктеменің сақталуына әкеліп отыр.
Жалпы, өңірде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылдануда. Дегенмен, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жұмысты күшейту, инфрақұрылымды жаңғырту және табиғатты қорғау іс-шараларын уақтылы қаржыландыру қажет.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *