«Ұлттық спорт – ұлт негізі» тақырыбындағы спорттық жарыс Көксу ауданында еңбек етіп жүрген жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Бұл ауқымды шара жастарды бұқаралық спортқа тартуға, ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақты кеңінен танытуға, дене белсенділігін арттыру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
Аталған жарыстың басты мақсаты – жастар арасында ұлттық спортты дәріптеу, ата-баба мұрасын жаңғырту және ел бірлігін нығайту болып табылады. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, салт-дәстүрге деген құрметін арттыруға үлкен ықпал етеді. Жарысқа жалпы саны 20 жас қатысып, өзара бақ сынасты.
Жоба аясында жастар арасында спорттық мәдениет пен белсенді өмір салтын қалыптастыру, еңбек ететін жастардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, сондай-ақ тәртіптілік, жауапкершілік және командалық бірлікті дамыту негізгі міндеттер ретінде айқындалды.
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: алдымен командалар топтық кезеңде сынға түсіп, кейін үздік шыққандары іріктеу ойындарына жолдама алды. Финалдық кездесулер қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы марапаттармен марапатталды. Бұл шара жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық рух пен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосты.