Ақсу ауданына қарасты Жалғызағаш ауылында тарихи қандастар референдумда жоғары белсенділік танытуда. Таңертеңнен бастап сайлау учаскесіне келген ағайын ел болашағы үшін өз таңдауларын жасады.

Атажұртпен қауышқан қандастар үшін бұл саяси науқанның маңызы ерекше. Олар елдегі оң өзгерістерге бейжай қарамай, дауыс беруді өздерінің азаматтық парызы санап отыр.

«Біз үшін атамекеннің тыныштығы мен дамуы бәрінен биік. Бүгінгі таңдауымыз — ертеңгі ұрпақтың бақытты болашағы үшін жасалған қадам», — дейді ауыл тұрғындары.

Жалғызағаштық қандастардың бұл ұйымшылдығы өзгелерге үлгі болып, ауылдағы мерекелік көңіл-күйді еселей түсті.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *