«Басқан Пауэр» ұжымының қызметкерлері сайлау күні бір кісідей сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Ұжым мүшелері ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытты.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан олар сайлауға қатысуды өздерінің азаматтық борышы деп санайды. Ұжым болып келіп дауыс беру – олардың бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетеді.

«Басқан Пауэр» ұжымының бұл қадамы қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымның көрінісі. Осындай бастамалар елдегі тұрақтылықты, бірлік пен жауапкершілікті нығайта түседі.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *