15 наурыз күні Басқарушы компаниясының қызметкерлері мен «Қорғас» ШЫХО шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының келушілері Қазақстан Республикасында өтіп жатқан референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Бұл маңызды саяси науқанға орталық қызметкерлерімен қатар келушілер де азаматтық жауапкершілік танытып, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Дауыс беру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақталып, барлық рәсімдер заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.
Референдум — әрбір азаматтың мемлекет дамуына өз үлесін қосуына мүмкіндік беретін маңызды демократиялық тетік. «Қорғас» ШЫХО аумағында да тұрғындар мен келушілердің белсенділігі жоғары, бұл олардың ел тағдырына деген жауапкершілігін айқын көрсетеді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *