Мекеме қызметкерлері бір адамдай болып сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Бұл олардың ел болашағына бейжай қарамайтынын, азаматтық жауапкершілікті жоғары деңгейде түсінетінін көрсетеді.

Ұжым мүшелері үшін сайлау – мемлекет дамуына үлес қосатын маңызды қадам. Сондықтан олар бұл саяси науқанға белсенді қатысып, әр азаматтың дауысы маңызды екенін көрсетті.

Бірлік пен ұйымшылдық танытқан ұжым елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қолдайтынын білдірді.

Мекеме қызметкерлерінің осындай белсенділігі қоғамға үлгі болары сөзсіз. Өйткені әрбір азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, сайлауға қатысуы – демократиялық қоғамның басты белгісі.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *