Бүгін Алакөл ауданына қарасты Ынталы ауылындағы №52 сайлау учаскесіне белгілі қолөнер шеберлері Нүсіпхановтар отбасы келіп, өз таңдауларын жасады. Өнегелі әулет мүшелері маңызды саяси науқанға бірге қатысып, азаматтық белсенділік танытты.
Қолөнер шеберлері ел болашағы үшін маңызды бұл шараға қатысуды әрбір азаматтың қасиетті борышы деп санайды. Олардың айтуынша, бүгінгі жасаған таңдаулары — еліміздің тұрақтылығы мен дамуына, сондай-ақ ел ішіндегі бірлік пен татулықтың нығаюына қосқан үлестері. Нүсіпхановтар әулеті бұл күнді жарқын келешекке деген сеніммен қарсы алып, өз азаматтық міндеттерін жоғары деңгейде орындап шықты.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *