Сайлау учаскесінде өз дауысын берген Ж. Жексенбинов қоғамдағы әрбір азаматтың ел болашағына қатысты шешім қабылдаудағы маңызды рөлін атап өтті. Ол:
«Бүгінгі референдум – әрбір азаматтың ел тағдырына қатысуына мүмкіндік беретін маңызды сәт. Біз өз даусымызды беріп, жастарға үлгі көрсетіп жатырмыз», – деді.
Сол сияқты, С. Базилов та дауыс беруге келіп, өз пікірін білдірді:
«Қоғам көшбасшысы ретінде мен өз міндетімді орындап, азаматтық борышымды атқардым. Әр азамат өз таңдауын жасап, елдің болашағына жауапкершілікпен қарауы керек», – деп атап өтті.
Көксу ауданындағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісі қалыпты ұйымдастырылып, тұрғындар белсенділік танытуда. Қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуы жастарға үлкен үлгі болып, референдумға қатысуға ынталандырушы факторға айналып отыр.
Референдум күні Көксу ауданында тыныш, ұйымшыл және қауіпсіз жағдайда өтуде.