Ақсу ауданына қарасты Матай ауылындағы №41 референдум учаскесінде өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі – ТЧЭ-26 Матай пайдалану локомотив депосының ұжымы ұйымдасқан түрде келіп, өз таңдауларын жасады.

Теміржол саласында еңбек етіп жүрген жұмысшылар, машинистер мен мамандар ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, дауыс беру учаскесіне келіп, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Еңбек адамдарының бұл белсенділігі қоғамдағы жауапкершілік пен бірліктің жарқын көрінісіне айналды.

Күн сайын пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген теміржолшылар бұл жолы да ел болашағына қатысты маңызды таңдауда өз дауыстарын беріп, азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

«Теміржолшылар үшін тәртіп пен жауапкершілік – басты қағида. Ел болашағына қатысты маңызды сәтте шет қалмай, дауыс беру – біздің азаматтық парызымыз. Сондықтан ұжымымызбен келіп, өз таңдауымызды жасадық», – деді ТЧЭ-26 Матай пайдалану локомотив депосының Машинист нұсқаушысы Абрайхан Олжас Жұмағалиұлы.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *