Ақсу ауданында республикалық референдум аясында аудандық коалиция төрағасы К.Дәулетбекова және коалиция мүшелері дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Коалиция мүшелері ел үшін маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық белсенділік танытып, референдумға қатысып, дауыс берді. Олар мұндай маңызды қоғамдық-саяси шараларда әрбір азаматтың белсенді болуы – ел болашағына деген жауапкершіліктің белгісі екенін атап өтті.
«Референдум – ел дамуына әсер ететін маңызды қадамдардың бірі. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, осындай тарихи сәттерде белсенділік танытуы қажет. Біз де бүгін коалиция мүшелерімен бірге келіп, өз дауысымызды бердік», – деді аудандық коалиция төрағасы К.Дәулетбекова.