Талдықорған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Әралуандылықтағы бірлік» жобасы аясында дарынды балалар мен жастарға арналған «Золотые россыпи» фестивалі өтті. Фестиваль жас таланттарды анықтау мен қолдауға, ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттауға және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған заманауи ашық алаңға айналды. Шараға Қазақстан Республикасының әр өңірінен келген балалар және жастар шығармашылық ұжымдары, жеке орындаушылар, музыканттар, әншілер, бишілер мен олардың жетекшілері қатысты.

Фестивальдің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриотизм, толеранттылық сезімдерін қалыптастыру, этностық және славян мәдениетіне, халықтың салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Фестиваль аясында мазмұны бай әрі әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылып, дарынды қатысушыларды анықтау және қолдау, шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушыларды таныстыру, ұлттық фольклор мен мәдени мұраны сақтау және дамыту бағытында жұмыстар жүзеге асырылды.

Іс-шараның этносаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуда, шығармашылық ұжым жетекшілері арасында кәсіби тәжірибе алмасу мен шығармашылық байланыстар орнатуда маңызы зор болды. «Алтын шашу» фестивалі жас ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуына ықпал етіп, қоғамдағы достықты, бірлік пен келісімді нығайтуға үлес қосқан маңызды мәдени оқиға ретінде өтті.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *