Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Заң үстемдігі – тұрақтылықтың негізі» тақырыбында, «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда заң үстемдігі қағидаттарын кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамдық тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың маңызын түсіндіру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылау болды.

Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық қорғау және сот жүйесінің мамандары, прокуратура қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында спикерлер заң үстемдігінің азаматтық қоғамды қалыптастырудағы рөліне, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты сақтаудағы құқық қорғау органдарының жауапкершілігіне, сондай-ақ әрбір азаматтың заң талаптарын сақтаудағы жеке жауапкершілігіне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған ұсыныстар айтылды. Қатысушылар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар алдағы уақытта тиісті органдардың жұмысына енгізу үшін жинақталатын болады. Іс-шара өзара түсіністік пен сындарлы диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, халықтың көңілінен шықты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қоғамдағы заң үстемдігін нығайтуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық келісімді дамытуға бағытталған нақты ұсынымдар мен қорытындылар әзірленді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *