ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес Жетісу облысында 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Учаскелік полиция инспекторлары іс шара басталғалы бері барлығы 146 мыңнан астам үй мен пәтер тұрғындарына тіркеу жүргізді. Сонымен қатар саяжай мен шаруа қожалықтары да тексерілді.

Шара барысында 48 тұрғылықты жері жоқ азамат және 522 кәмелетке толмаған анықталды.

Жасөспірімдердің басым бөлігі қоғамдық тәртіпті бұзғаны және мас күйінде болғаны үшін ұсталған. Бұдан бөлек, заңсыз айналымдағы 17 атыс қаруы тәркіленді, оның ішінде «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған 2 қару табылды. Есірткі жарнамасына қатысты бір дерек анықталды.

Іс шара барысында 18 мыңнан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетейік, шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу.

Жалпы облыс аумағында рейдтік жұмыстар 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *