№445 дауыс беру учаскесіне құмай тазы, бүркітімен бірге отбасын ала келген текелілік бүркітші Бүркітбай ел болашағы үшін өз дауысын берді. Бүркітшілер отбасы бұл маңызды күні арнайы қазақы нақышта тігілген ұлттық киім үлгілерімен киініп, дауыс беру учаскесіне жиналған көпшіліктің көзайымына айналды.
«Қазақтың жеті қазынасының бірі құмай тазы мен қыран бүркіттің қасиеті қолдап, Қазақстанның болашағы үшін өз дауысымды бердім. Жасампаз елдің ұрпағымыз келер күніміз шуақты болсын!», — дейді бүркітші.
Текеліліктер дауыс беру учаскелеріне белсенді келіп, өз дауыстарын беруде.