2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Жетісу облысы Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік бюджетке 250,4 млрд теңге көлемінде түсімді қамтамасыз етті.
Республикалық бюджетке шамамен 153 млрд теңге, жергілікті бюджетке – 98 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. Түсімдердің өсуі салықтық және кедендік әкімшілендіруді күшейту есебінен қамтамасыз етілді.
Кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуде. Департаменттің құзыретіне алты кеден бекеті кіреді. Өткізу пункттері арқылы автокөлік құралдарының өту уақытын бақылауға арналған CarGoRuqsat электрондық кезектен бұрын жазылу жүйесі мен TimeSheet жүйесін енгізудің арқасында кеден бекетінен өту уақыты 15 минутқа дейін қысқарды.
Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі салықтық әкімшілендіруді цифрландыру болып қала береді. Жыл басынан бері камералық бақылаудың 2 мыңнан астам хабарламасы пысықталып, олар бойынша қосымша 1,8 млрд теңге өндірілді.
Сонымен қатар департамент көлеңкелі айналымды азайту және салықтық тәртіпті арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық берешегі 5,5 млрд теңгені құрады. Тұрғындарға салықтық міндеттемелерді уақтылы орындау қажеттілігі туралы ескертіледі.