Талдықорған қаласының жүрегінде орналасқан халық көп шоғырланатын «Арбат» алаңында «Жаңа Толқын» әлеуметтік жобасы аясында «Нашақорлық – қоғам дерті» атты кең ауқымды ақпараттық акция өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу, нашақорлықтың адам өміріне тигізетін зияны туралы қоғамға кеңінен түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Бүгінде нашақорлық – жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның болашағына төнген үлкен қауіп. Бұл – тек медициналық емес, әлеуметтік, моральдық, тіпті ұлттық деңгейдегі мәселе. Сол себепті мұндай тақырыптарды ашық талқылап, алдын алу шараларын күшейту – заман талабы.


Акция аясында еріктілер тобы қала тұрғындарына және жастарға арнап арнайы әзірленген ақпараттық парақшалар таратты. Онда есірткінің адам ағзасына, психикалық денсаулығына, жеке өмірі мен болашағына қалай кері әсер ететіні туралы нақты деректер келтірілген. Сонымен қатар, нашақорлықтың қылмысқа итермелеуі мүмкін екені де мысалдар арқылы түсіндірілді.

Бұл акция – қоғамның денсаулығы мен болашағына бей-жай қарамайтын азаматтардың бірлескен еңбегі. Салауатты өмір салтын таңдау – әр адамның өз қолында. Ал мұндай шаралар сол таңдауға жол көрсететін шамшырақ іспетті.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *