Талдықорған қаласында газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Қаланың көгілдір отынға қосылуы 2016 жылы басталып, алғашқы тұрғындар 2017 жылы газға қол жеткізген болатын. Нәтижесінде қала тұрғындарының 90 пайызы газбен қамтылып, 38 547 абонент көгілдір отынға қосылды.
Газдандыру кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2022 жылы Пригородное, Ынтымақ ауылдары мен 3-бөлімшеде 2106 тұтынушыға газ тартылса, 2023 жылы тағы 5493 абонент, соның ішінде Үйтас саяжай қоғамы, Жастар-2 және Ынтымақ шағын ауданы қосылды. 2024 жылы 830 үй, оның ішінде Мойнақ ауылындағы 220 үй газға қол жеткізді. Ал биыл Жастар-3 ықшам ауданына 25 газ желісі тартылып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, газ қауіпсіздігіне ерекше мән берілуде. 2025 жылдың ақпанында мониторингтік топ құрылып, жыл басынан бері тұрғындар арасында 22 түсіндіру шарасы өткізілді. Газ жабдықтарын пайдалану ережесін бұзған бірнеше нысан мен жеке тұлғаларға әкімшілік шара қолданылды. Бұған қоса, көпқабатты үйлерді сұйытылған газдан табиғи газға көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Жыл басынан бері 10 үй қосылып, «Бірлік» шағын ауданындағы 21 тұрғын үйді газдандыру жалғасуда.
Қалада газдандырумен қатар жаңа цифрлық сервистер де таныстырылды. Оның бірі – EGOV Mobile қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» сервисі. Ол әлеуметтік көмек алушыларға газға жеңілдікті электронды ваучерлер арқылы рәсімдеуге мүмкіндік береді. Қағаз құжаттарды жинауды қажет етпейтін жүйе уақытты үнемдеп, рәсімнің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 2025 жылдың шілдесінен бастап ел бойынша 9,5 мыңнан астам ваучер беріліп, 204 мың газ жеңілдікпен таратылды.
Екіншісі – «QazaqGaz Aimaq» мобильді қосымшасы, ол тұтынушыларға газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн беруге жағдай жасайды. Бақылаушының келуінсіз немесе байланыс орталығына қоңыраусыз, кез келген жерде смартфон арқылы қолжетімді сервис деректердің дұрыстығын автоматты тексеріп, тарихын сақтайды. Бүгінде 157 мыңнан астам тұтынушы қосымшаны қолданып, тамыз айында ғана 60 мыңнан астам көрсеткіш енгізілген.
Мамандардың айтуынша, газдандыру жұмыстары мен жаңа цифрлық шешімдер тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *