Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен өңірдің аудан және қала деңгейлерінде «Ашық есік күні» акциясы аясында профилактикалық іс-шаралар өткізіле бастады.
2025 жылғы 26 тамызда Кербұлақ ауданында және 2 қыркүйекте Текелі қаласында тұрғындарға ауқымды медициналық тексерулер жүргізілді.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға тегін профилактикалық медициналық көмек көрсету, ауруларды ерте анықтау, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және халықтың медициналық сауаттылығын көтеру.
Барлығы 285 адам тексеруден өтті, олардың ішінде – 53 бала және 162 әйел, соның ішінде 43 жүкті әйел бар. Халыққа кеңес беру үшін нейрохирург, невролог, балалар хирургі, педиатр, онколог, уролог, акушер-гинеколог және проктолог сияқты тар бейінді мамандар тартылды.
Бүгінгі күні Кербұлақ ауданы мен Текелі қаласында 60-тан астам тұрғын мамандардың қаралуынан өтіп, кеңес алды. Барлық келген азаматтарға тексеру мен емдеу жоспары жасалды.
Дәрігерлердің айтуынша, онкологиялық ауруды ерте кезеңде анықтап, толық кешенді емдеу курсынан өткен жағдайда сауығып кету көрсеткіші 90 пайыздан асады.
