Бүгін халықтар достығы мен өзара түсіністіктің символына айналған 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында Талдықорған қаласында ерекше мәні бар “Бірлік ағашы” атты экоакция өтті.
«AMANAT»партиясы Жетісу облыстық филиалының, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және ниеттес азаматтармен бірге ағаш отырғызып, табиғатты аялау арқылы бірліктің белгісін қалдырды. Бұл шара “Таза бейсенбі” бастамасымен ұштасып, өңірдің барлық аумағында жалғасын табуда.
Ассамблеямен бірлескен тазалық акциясы – ортақ мүдде жолындағы ынтымақтың көрінісі. Біз бірлесе әрекет еткенде ғана болашағымыз баянды, қоғамымыз берекелі болмақ.
Бірлігіміз бекем, табиғатымыз көркем болсын!