2024 жылдың 31 наурызында Панфилов аудандық маслихатының депутаттығына сайлау өтеді. Осыған орай, мен — Несіпбеков Айбол Майтұрғанұлы, аталған сайлауға кандидат ретінде түсіп, өз сайлауалды бағдарламамды ұсынудамын.

Егер мен депутат болып сайлансам:

Ең бастысы — ауылдарымыздың өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне, жақсаруына бар күш-жігерімді саламын. Жылдан-жылға көптеген мәселелер қолға алынып, ауылдастарымыздың тұрмыс-тіршілігі жақсарып келе жатқанына куә болудамыз. Бірақ ауылдық округте шешімін таппай тұрған мәселелер де аз емес. Осы проблемаларды шешуге ықпал етемін.

Жастар мен жасөспірімдер ортасында қоғамның негативті құбылыстарын төмендету жұмыстарын жалғастырып, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы бос уақытты өткізу үшін спорттық секциялардың істеуіне жағдай жасаймын. Сонымен қатар, дарынды талантты жастарды анықтау мақсатында музыка, сурет, қолданбалы өнер, техникалық және тағы да басқа үйірмелерге қатысуына ықпал етемін.

Жастарды мектеп қабырғасында жұмысшы мамандықтарын таңдау мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қолдау көрсетемін.

Қоғамдық ұйымдар мен жергілікті қоғамдастықтың белсенділігін арттыруға күш саламын.

Аз қамтылған отбасыларға, жалғызілікті қарттарға, мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсету жұмыстарын жүргіземін.

Шағын және орта бизнесті дамытуға белсенді түрде қолдау көрсетіп, өз кәсібін ашқысы келетіндер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземін. Осы мақсатта несие алушыларға бизнес жоспарларын жасауға көмек көрсетемін.

Өз округімде тыныштық пен тәртіптің болуын қадағалаймын. Ол үшін белсенді жастарды ұйымдастырып, ауылдарда ерікті халық жасағымен бірге рейдтерге шығып, үлесімді қосамын.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *