2024 жылдың 31 наурызында Панфилов аудандық маслихатының депутаттығына сайлау өтеді. Осыған орай, мен — Құдайбергенов Қуаныш Серікұлы, аталған сайлауға кандидат ретінде түсіп, өз сайлауалды бағдарламамды ұсынудамын.
Туған елдің, жердің өзекті өткір мәселелерін шешуге барынша атсалысуды өзімнің азаматтық парызым деп білемін. Осы тұрғыдан алғанда мен халық қалаулысы болып сайланған жағдайда төмендегі бағдарламаларды жүзеге асыруға ұмтыламын. Қазақстанның болашағы оны мекендейтін әр азаматтың әлеуметтік жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтан халықтың жағдайын олар тұрақтайтын мекеннің дамуына жағдай жасау басты міндет болып табылады. Егер ел азаматтарының өмір сүру деңгейі айтарлықтай жоғары деңгейде болса, даму процесі де айқын болмақ. Бұл жас ұрпақтың да келешегіне тікелей ықпал етеді. Мен қарапайым халықтың мүддесіне жұмыс жасайтын боламын. Егер Сіздер менің кандидатурамды қолдап дауыс беретін болсаңыздар, өзімнің барлық күш-жігерімді аудан жұртшылығына қызмет етуге жұмсаймын. Біз әрқайсымыз келер ұрпақтың болашағы үшін жауаптымыз.
Егер мен депутат болып сайлансам:
- Атамекен ауылының басым көпшілігі егін шаруашылығымен айналысатын болғандықтан егін шаруашылығын дамыту аясында дәнді дақылдардың өнім деңгейін көтеріп, астық өсіруге қажетті техникалармен жабдықтауға көмек көрсетуге;
- Аумақтағы дамушы ауылдарды көгілдір отынмен және басқада қажеттіліктермен қамтамасыз етуге күш жұмсау;
- Елді-мекендегі күрделі жөндеуге мұқтаж болған мемлекеттік мекемелердің құрылыс процессіне көмегімді беріп, оны аяғына дейін жеткізуге;
- Еліміздің болашағы жастар болғандықтан, жастардың жұмыспен қамтылу мәселесін шешуге;
- Өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға және кәсіп бастағысы келетін азаматтарға қол ұшын созуға;
- Мәдениет саласын дамыту аясында ұлттық құндылықтарымыз бен өнерімізді өркендетуге;
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға демеушілік көрсетуге;
- Атамекен ауылдық округі шекара маңында орналасқан ірі округтердің бірі болғандықтан округтің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының орындалуына ықпал етемін.