Отбасы берекесі мен ұрпақ тәрбиесін өмірлік ұстанымына айналдырған Дүйсебаевтар әулеті мәслихат депутаттарын сайлауда өз таңдауларын жасады. «Алтын шаңырақ» мәртебесіне ие болған отбасы мүшелері ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық белсенділіктерін танытты.

Дүйсебаевтар үшін шаңырақтың қадірі – тек отбасы мүшелерінің татулығымен емес, қоғам алдындағы жауапкершілікпен де өлшенеді. Олар кейінгі ұрпаққа үлкенді құрметтеу, еңбекқорлық, туған жерге жанашырлық таныту секілді құндылықтарды дәріптеп келеді.

Әулет мүшелері сайлауға қатысуды туған қаланың дамуына қатысты өз көзқарасын білдірудің маңызды мүмкіндігі деп санайды. Өйткені жергілікті жердегі әлеуметтік мәселелердің шешілуі мен елді мекеннің өркендеуі әр тұрғынның белсенділігіне де байланысты.

Дүйсебаевтар отбасының қоғамдық өмірге араласуы – отбасылық тәрбие мен азаматтық жауапкершіліктің өзара сабақтастығын көрсетеді. Бірлігі жарасқан әулеттің басты ұстанымы – берекелі шаңырақ пен бейбіт елдің болашағына үлес қосу.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *