Жетісу облысы Алакөл ауданының Достық ауылында Алакөл кеден бекетінің 30 қызметкері мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді. Олар №96 сайлау учаскесіне бірыңғай киім үлгісімен келіп, өз таңдауларын жасады.
Қызметтік міндеттерін күнделікті бірге атқаратын кеденшілер бұл жолы да ұйымшылдық танытып, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға ұжым болып қатысты.
Кеден бекеті қызметкерлерінің айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың өз ұстанымын білдіріп, елдің болашағына қатысты жауапкершілігін сезінуінің маңызды көрінісі. Ұжымның бірлесіп дауыс беруі азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.