Оның 173-і Әкімшілік кодекстің 73 бабы бойынша отбасындағы құқыққа қарсы әрекет. Оның 31-і ұрып-соғу дерегі.
Жыл сайын мұндай әрекеттер көбеюде. Цифрды азайту үшін отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құрылды. Елдің барлық өңірін қамтыған орталықтар саладағы жинақталған жүйелі проблемаларды жоюға жәрдемдеседі. Орталық тек зорлық-зомбылық құрбандарын қорғап қана қоймай, құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендірумен айналысады.
Бөлімшенің ерекшелігі – Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес мұнда барынша көбірек әйел қызметкерлер қызмет етеді. Бұл зардап шегушілердің әйел қызметкерлерге оқиғаның мән-жайын ұялмай ашып айтуына, яғни сенім факторына ықпал етеді. Осы тәсіл дәлелдерді бекітуге, жасалған әрекеттің бәрін нақты, уақтылы және егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл бастама – елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті жүйелі түрде жүргізудің маңызды қадамы.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *