Алакөл ауданы, Үшарал қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Алия Байболова №50 дауыс беру учаскесіне келіп, дауыс берді.
– Бүгін біздің еліміз үшін жауапты күн. Бұл, біріншіден, әр адамның болашаққа деген сенімі. Еліміздің ертеңі үшін, болашақ ұрпақ үшін елімізде саяси науқанға қатысу – біздің азаматтық міндетіміз, – деді көпбалалы ана.