Исабековтер — ұстаздар династиясы. Исабекова Бақытгүл Нұрсұлтанқызы Жаналық мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 18 жыл. Анасы – Исабекова Мариямхан Нұрақынқызы 40 жыл бастауыш сынып мұғалімі болған. Талай шәкірттерді тәрбиелеген Мариямхан Нұрақынқызы бүгінгі күні зейнетте. Апасы мен анасы секілді Бақытгүл Нұрсұлтанқызының қыздары да ұстаздық жолды таңдады. Ақжолтай Маржан мен Ақжолтай Балжан бүгінгі күні бастауыш сынып және ағылшын тілінің мұғалімдері.
«Бүгін біз отбасымызбен келіп болашағымыз үшін дауыс бердік. Ұстаз болу және шәкір тәрбиелеу жауапкершілігі мол мамандықтардың бірі. Сондай–ақ референдумға қатысып дауыс беру де маңызды. Қазақстанның әр бір азаматы жауапкершілікті түсініп, жарқын болашақ үшін дауыс беру қажет» деді ұстаз Бақытгүл Нұрсұлтанқызы.