Сарқан ауданының Қарабөгет ауылында қызықты сәйкестік орын алды. Ауыл тұрғыны Сағатбек Мәслихат мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, №369 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Есімі сайлау өтіп жатқан өкілді органның атауымен сәйкес келетін Сағатбек Мәслихат ауылдық мәдениет үйінде қызмет атқарады. Ол ел өміріндегі маңызды науқаннан тыс қалмай, дауыс беру құқығын пайдаланды.
«Әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Сондықтан дауыс беру құқығын пайдалану маңызды деп санаймын», – деді Сағатбек Мәслихат.
Осылайша, Сарқан ауданындағы сайлау күні есімімен ерекшеленген тұрғынның азаматтық белсенділігі де назарға ілікті.