Өтіп жатқан Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында Талдыбұлақ ауылындағы №222 сайлау учаскесіне ерекше қонақ — төрт егізді дүниеге әкелген көпбалалы ана Альмира Бекеева (@almira.bekeeva) келіп, дауыс берді.

Бір мезетте төрт сәбидің анасы атанған Альмираның өнегелі отбасылық тарихы көпшілікке жақсы таныс. Төрт бүлдіршінді тәрбиелеп отырған ана отбасылық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, елдің қоғамдық-саяси өміріне де белсенді араласады. Оның айтуынша, бүгінгі таңдау — ең алдымен балалардың жарқын болашағы мен өңірдің гүлденуі үшін жасалған маңызды қадам.

«Әрбір ана үшін балаларының бейбіт, дамыған әрі жайлы ортада өскені маңызды. Сайлауға қатысу — біздің отбасымыздың, балаларымыздың ертеңіне деген жауапкершілігіміз. Болашақ әрқайсымыздың бүгінгі таңдауымыздан басталады. Барша ата-аналарды белсенділік танытып, өз дауысын беруге шақырамын!», — деді Альмира Бекеева.

Көпбалалы ананың белсенді азаматтық ұстанымы — отбасы институтының нығаюы мен жас ұрпаққа берілер тағылымды тәрбиенің айқын көрінісі.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *