Жетісу облысы Жайпақ ауылдық округінің 30 ақсақалы мәслихат депутаттарын сайлау күні учаскеге бірге барып, дауыс берді. Аға буын өкілдері осылайша ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Ауыл ақсақалдарының ұйымшылдықпен келуі – ортақ іске деген жауапкершілік пен ел бірлігін бағалайтын ұстанымның көрінісі. Қариялар үшін ауылдың тыныштығы, өңірдің дамуы мен кейінгі ұрпақтың болашағы әрдайым маңызды.

«Біз үшін ауылымыздың тыныштығы мен дамуы, жастардың жарқын болашағы әрдайым бірінші орында. Бүгін ақсақалдар болып бірлесе келіп, ел игілігі мен өңіріміздің өркендеуі үшін өз дауысымызды бердік», – деді Жайпақ ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Бақтыбек Атанбеков.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *