Көксу ауданының Еңбекшіқазақ ауылындағы №256 сайлау учаскесінде Еркеновтер отбасы мәслихат депутаттарын сайлауға түгел қатысты. Облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанған әулет мүшелері учаскеге бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Еркеновтер әулеті үшін бұл күн тек дауыс беру науқанына қатысумен ғана емес, ортақ құндылықтар мен азаматтық жауапкершілікті ұрпаққа үлгі етумен де маңызды. Отбасының ұйымшылдықпен келуі – ел өміріндегі маңызды оқиғаларға бейжай қарамайтындығын аңғартады.

Айта кетейік, мәслихат депутаттарын сайлау жергілікті қоғамдастықтың мүддесін білдіретін өкілдерді таңдауға мүмкіндік береді. Ал сайлауға қатысу – азаматтың өз өңірінің болашағына қатысты ұстанымын білдіруінің бір жолы.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *