Жетісу облысы Ақсу ауданындағы №2 сайлау учаскесінде 1000-ыншы болып дауыс берген тұрғынға арнайы сыйлық табысталды.
Бұл бастама сайлау күні азаматтарға ерекше ықылас танытып, дауыс беруге келген тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылды.
Учаскеде 1000-ыншы сайлаушыны салтанатты түрде қарсы алып, оған сыйлық берілді. Осылайша, сайлау науқаны аясында тұрғындардың азаматтық белсенділігіне құрмет көрсетілді.