Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласындағы №389 сайлау учаскесіне барып, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді. Өңір басшысы өз таңдауын Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде орналасқан сайлау учаскесінде жасады.
Бүгінде облыс бойынша сайлау науқанына 442 056 азамат қатысуға құқылы. Өңірде дауыс беруді ұйымдастыру үшін 469 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлау учаскелері таңғы сағат 6:00-ден және 7:00-ден бастап ашылып, кешкі сағат 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметінше, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Жетісу облысындағы сайлаушылардың 14,24 пайызы дауыс берген. Республика бойынша бұл көрсеткіш 12,31 пайызды құрады.
Өңірдегі барлық сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылған.