Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында тұратын 106 жастағы Нұрбала Қабанбаева мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Жасына байланысты сайлау учаскесіне бара алмаған қария үшін үйден дауыс беру ұйымдастырылды.
Сайлау комиссиясының мүшелері Нұрбала Қабанбаеваның үйіне арнайы барып, дауыс беру рәсімін белгіленген тәртіппен өткізді. Осылайша, ғасырдан астам ғұмыр кешкен тұрғын ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан шет қалмай, өзінің конституциялық құқығын пайдаланды.
Нұрбала Қабанбаеваның сайлауға қатысуы – азаматтық белсенділіктің жас ерекшелігіне қарамайтынын көрсететін тағылымды оқиға. Қарияның өз таңдауын жасауы кейінгі ұрпаққа да үлгі боларлық көрініс болды.