
Құрметті Ескелді ауданының тұрғындары, ардақты жерлестер!
Мен, Маман Ильяс Айдарұлы, Ескелді ауданының мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ауданның жол-көлік инфрақұрылымын түбегейлі жаңғыртуды қолға аламын.
Үйімізде жарықтың тұрақты болуы, жылу мен судың үздіксіз берілуі және көрсетілетін коммуналдық қызметтердің бағасы әрбір отбасының әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді. Мен мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ауылдық жерлердегі коммуналдық саланың жұмысын түбегейлі жақсартуды, негізсіз өскен тарифтерге жол бермеуді және тұрғындардың мүддесін қорғауды басты мақсат етіп отырмын.
Бірінші – Тарифтердің әділдігі мен негізділігін бақылау: Коммуналдық қызметтердің (электр энергиясы, су, жылу және басқа да қажеттіліктер) бағасының өсуіне қатаң депутаттық бақылау орнату, негізсіз үстемелерге жол бермеу және тұрғындар үшін әділ баға саясатын ұстануға ықпал ету.
Екінші – Электр және су жүйелеріндегі ақауларды жедел жою: Жарық пен су беру жүйелерінде орын алатын авариялық жағдайлар мен ақауларды лезде жоятын жедел әрекет ету топтарының жұмысын үйлестіру, тозығы жеткен желілерді жаңартуды талап етіу.
Үшінші – Коммуналдық қызмет сапасын арттыру: Көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында мердігер және коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына жүйелі түрде мониторинг жүргізу, тұрғындардың талап-тілектерін орындауды қадағалау.
Төртінші – Тұрғындардың шағымдарымен жұмыс және ашық есеп: Тұрғын үй-коммуналдық салаға қатысты түскен арыз-шағымдарды жедел қарап, тиісті органдарға жеткізу және атқарылған жұмыстар туралы сайлаушылар алдында жыл сайын ашық есеп беру.
Құрметті ағайын, ардақты жерлестер!
Сапалы коммуналдық қызмет – әрбір тұрғынның ажырамас құқығы! Сіздердің қолдауларыңызбен коммуналдық саланың жұмысын ашық әрі халыққа қолайлы ету үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Сайлауға келіңіздер! Әділ тарифтер, сапалы қызмет және жарқын болашақ үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!