Құрметті жерлестер!

Мен, Тасыбаева Динара Жанатқызы, Ескелді ауданының белсенді азаматы әрі жас тұрғыны ретінде өз кандидатурамды аудандық мәслихат депутаттығына ұсындым. Көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы көрінісі, шатырларының бүтіндігі және аулалардың заманауи үлгіде абаттандырылуы – тұрғындардың күнделікті көңіл-күйі мен жайлы тұрмысына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Мен мәслихат депутаттығына кандидат ретінде көпқабатты үйлердің инфрақұрылымын жақсартуды, балалар мен ересектерге қолайлы жағдай жасауды және тұрғын үй-коммуналдық саланың жұмысын жүйелендіруді басты мақсат етіп отырмын.

Ауданымыздағы көпқабатты үйлердің жағдайын түбегейлі жақсарту үшін мынадай 4 маңызды бағыттағы іс-қимыл жоспарын жүзеге асырамын:

Бірінші – Шатырлар мен қасбеттерді күрделі жөндеу: Тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын ауыстыру, қасбеттерін сырлау және кіреберістерін ретке келтіру жұмыстарының сапасын қатаң депутаттық бақылауға алу.

Екінші – Аулаларды кешенді абаттандыру: Тұрғын үй аулаларына заманауи балалар ойын алаңдарын орнату, спорттық бұрыштар жасау, көлік тұрақтарын ұйымдастыру, көгалдандыру және асфальттау жұмыстарын жүргізу.

Үшінші – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қолдау: Тұрғындардың үйлерді басқару, ортақ мүлікті күтіп ұстау және коммуналдық қызметтердің сапасына қатысты түскен арыз-шағымдарын жедел әрі тиімді шешуге ықпал ету.

Төртінші – Тұрақты кері байланыс және есеп: Тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы сайлаушылар алдында жыл сайын ашық есеп беру.

Құрметті жерлестер!

Әр үйдің ауласы таза, ал тұрмысымыз жайлы болуы тиіс! Сіздердің қолдауларыңызбен туған өлкеміздің тұрғын үй қорын жаңартып, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырамыз.

Жайлы баспана, таза аула және сенімді болашақ үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *