Құрметті Ескелді ауданының тұрғындары, ардақты жерлестер!

Мен Маман Ильяс Айдарұлы, Ескелді ауданының мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ауданның жол-көлік инфрақұрылымын түбегейлі жаңғыртуды және сапасыз құрылысқа жол бермеуді басты мақсат етіп отырмын.

Әрбір ауыл тұрғынының күнделікті өмірі, аудан орталығына қатынауы, жедел жәрдемнің дер кезінде жетуі мен шаруаның өнімін тасымалдауы – ең алдымен жолдың сапасына тікелей байланысты.

Біздің ұстанымымыз айқын: бөлінген әрбір теңге халық игілігіне жұмсалып, салынған жол ондаған жылдар бойы елге қызмет етуі тиіс. Осы бағытта нақты 4 қадамнан тұратын іс-қимыл жоспарын ұсынамын:

  1. Жол құрылысына қатаң бақылау орнату
    Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар күре жолдарды жөндеу кезінде мердігер компаниялардың жұмысына қоғамдық-депутаттық бақылау жүргіземін. Асфальт қабатының қалыңдығы, құрылыс материалдарының сапасы мен жұмыстың уақтылы аяқталуы басты назарда болады.
  2. Ауыл ішіндегі көшелерді ретке келтіру
    Тек орталық көшелер ғана емес, шалғай елді мекендердің ішкі жолдары да назардан тыс қалмайды. Көшелерді кезең-кезеңімен асфальттау, ал әзірге асфальт жетпеген көшелерге сапалы қиыршық тас төсеп, тұрақты түрде грейдерлеу жұмыстарын ұйымдастырамын.
  3. Жаяу жүргіншілер мен балалар қауіпсіздігі
    Мектептер мен балабақшалардың маңындағы жолдарға жаяу жүргіншілер жолағын, жасанды жол кедергілерін (лежачие полицейскийлер), жарықдиодты жол белгілерін және тротуарлар салу ісін бірінші кезекте шешуге ықпал етемін.
  4. Маусымдық күтім және ашық есептілік
    Қыс мезгілінде ауылішілік және ауданаралық жолдардың қардан дер кезінде тазартылуын қадағалаймын. Тұрғындардың жол мәселесіне қатысты әрбір өтінішін назарға алып, атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында жыл сайын ашық есеп беремін.

Қадірлі ағайын!

Жақсы жол – жайлы тұрмыс пен өркендеудің бастауы. Сіздердің қолдауларыңызбен туған өлкеміздің жолдарын бірге жөндеп, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырамыз.
Сайлауға келіңіздер! Сапалы жол мен сенімді болашақ үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *