Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында жастар арасында «AQYL QOS» интеллектуалды ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, әділдік пен заң үстемдігі қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Зияткерлік сайысқа ауыл жастарынан құралған 4 команда қатысып, бірнеше кезең бойынша өзара білім мен біліктіліктерін сынады. Қатысушылар құқықтық білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлықтарын және шапшаң шешім қабылдау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Әр команда ұйымшылдық пен өзара қолдаудың жарқын үлгісін танытып, ойынның тартысты әрі қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.
Сайыс барысында жастар құқықтық тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, түрлі логикалық тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен зеректіктерін дәлелдеді. Әр кезең қатысушылардың жан-жақты дайындықтарын айқындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Ойын қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтармен және алғыс грамоталарымен марапатталды.
«AQYL QOS» интеллектуалды ойыны – жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және белсенді азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Осындай тағылымды шаралар жастардың жан-жақты дамуына серпін беріп, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жол ашады.