Жетісу облысында жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заманауи технологиялар өз нәтижесін бере бастады. Жыл басынан бері өңірде 501 жол апаты тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда оқиға саны 6,4%-ға төмендеді. Жол апаттарынан қаза тапқандар саны 40 адам, ал түрлі деңгейде жарақат алғандар саны 856 адамға жетті.  

Тәртіпті нығайту мақсатында жыл басынан бері жолдарға 772 тексеру жүргізіліп,  кемшіліктерді  жою туралы 773 нұсқама берілді. Жолдарды күтіп-ұстау талаптарын орындамаған 129 жол мекемесі мен жауапты тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.  

Қазіргі уақытта патрульдік полицияның 13 қызметтік автокөлігіне жылдамдықты автоматты түрде өлшейтін «Ekin Patrol» жүйесі орнатылған. Сондай-ақ, қауіпті жол учаскелерін төбеден бақылау үшін 16 ұшқышсыз ұшу аппараты дрон ретінде қолданылуда. 

Бұған қоса, облыстың бас жолдарында ереже бұзушылықтарды тіркейтін 97 автоматты жүйе (482 бейнекамера) тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Жүргізушілерді жолда сақ болып, ережені қатаң сақтауға шақырамыз.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *