Талдықорған қаласында «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында жасанды интеллект арқылы жасалған «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» атты фотобайқау өтті. Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға деген құрметті арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заманауи цифрлық технологиялар арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аудару болды. Қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, заң мен тәртіп, азаматтық жауапкершілік, құқық бұзушылықтың салдары және қоғамдық тәртіптің маңыздылығы тақырыптарын шығармашылықпен жеткізді.
Іс-шара барысында қазылар алқасы байқаудың мақсат-міндеттерімен таныстырып, ұсынылған жұмыстарды мазмұндық тереңдігі, идеяның өзектілігі, шығармашылық тәсілі және техникалық сапасы бойынша бағалады. Әрбір жұмыс қоғамда заң үстемдігін насихаттау тұрғысынан жан-жақты сарапталды. Қазылар алқасының құрамында «Jetisu jastary» КММ директорының орынбасары Сәрсекбай Ақылұлы, Жетісу облысы бойынша «Қазақстан студенттер альянсы» филиалының төрайымы Қызайбай Ақерке және «Jetisu jastary» КММ PR бөлімінің жетекшісі Аяжан Нурахметова болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысқан әрбір жас заң мен тәртіп қағидаларын насихаттауға өз үлесін қосып, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамайтынын көрсетті. Бұл шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жасанды интеллект технологияларын әлеуметтік бағытта тиімді пайдалануға ықпал еткен маңызды алаң болды.