Жетісу облысында өткен жылы инспекторлардың араласуымен 16 кәсіпорынның жұмысшыларына тиесілі 193 млн теңге қарыз толық өндіріліп, заң бұзған басшыларға 10 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бір жыл ішінде Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне 780 өтініш түсіп, 91 тексеріс жүргізілген.
Сонымен қатар, биыл Еңбек кодексіне маңызды өзгерістер енгізілді. Енді жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін қорғау үшін нақты еңбек қатынастары бар жерде азаматтық құқықтық шарттарын қолдануға тыйым салынды. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгі баласы бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға шектеу қойылып, өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде жұмысшының кінәсі 25 пайыздан аспауы тиіс деп нақты бекітілді.
2026 жылдың басынан бері тағы 226 өтініш тіркеліп, 19 заң бұзушылық анықталды. Департамент жұмыс берушілерден еңбек қатынастарын жаңа заң талаптарына сай, цифрлық форматта уақтылы тіркеуді қатаң талап етеді.