Жетісулықтардың көңіл күйі көтеріңкі екені айқын байқалды. Көпшілік референдумның маңызын түсініп, ел дамуына қатысты тарихи шешім қабылдауға өз үлесін қосуға дайын екендерін білдіруде.

Жетісу облысында дауыс беру үдерісін ұйымдастыру үшін барлығы 468 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Облыс бойынша тіркелген сайлаушылар саны – 440 875 адам.
Дауыс беру процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында өңір бойынша 468 сайлау учаскесіне 607 байқаушылар жұмыс істеуде. Байқаушылар референдум барысын қоғамдық бақылауға алып, дауыс беру үдерісінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда.

Қазіргі уақытта Жетісу өңірі бойынша сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші 68 пайыздан асты. Бұл – өңір тұрғындарының ел тағдырына бейжай қарамай, саяси науқанға белсенді қатысып отырғанын көрсетеді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *