Текелі қаласының тұрғыны, ауыр атлетикадан жаттықтырушы, Азия ойындарының чемпионы Анатолий Савельев 15 наурыз күні өткен референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Ол өз дауысын беріп, ел болашағына бейжай қарамайтын азамат ретінде маңызды саяси науқанға белсенді түрде атсалысты.
Анатолий Савельевтің айтуынша, референдум – ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылданатын тарихи кезең. Сондықтан әрбір азамат өз азаматтық борышын орындап, дауыс беру арқылы мемлекет дамуына үлес қосуы керек. «Біз болашақ ұрпақ үшін жауаптымыз. Сондықтан еліміздің дамуына әсер ететін маңызды бастамаларға бейжай қарамауымыз қажет», – деді ол.
Танымал спортшы әрі жаттықтырушы ретінде ол жастарға әрдайым үлгі болып келеді. Оның пікірінше, елдің дамуы мен тұрақтылығы – әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты. Сол себепті ол қала тұрғындарын да референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Текелі қаласының тұрғындары да референдумға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетуде. Мұндай маңызды шаралар халықтың бірлігі мен азаматтық жауапкершілігін айқындайды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *