Бүгінгі референдумда тек жастар ғана емес, аға буын өкілдері де белсенділік танытуда. Облыс орталығы Талдықорған қаласының ең қарт тұрғындарының бірі, ғасыр куәгері Исхан Оразбекова отбасымен бірге келіп, өз таңдауын жасап дауыс берді.
Ұзақ ғұмырында ел тарихындағы талай кезеңнің куәсі болған қария бүгінгі бейбіт әрі тұрақты өмірдің қадірін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, дауыс бергеннен кейін жиналған жұртшылыққа ақ батасын беріп, елдің амандығы мен бірлігін тіледі.
Айта кетейік, бүгінде Талдықорған қаласында ғасыр жасаған үш қария тұрады. Солардың бірі Исхан Оразбекова.
Ақ жаулықты ана:
«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын. Жастарымыз елін сүйіп, халқына қызмет ететін азаматтар болсын», – деп батасын берді.
Ақ батасын берген қарияға учаскеге келген тұрғындар да ризашылықтарын білдірді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *