Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының дәстүрлі әншісі Арафат Ысқақов референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Өнер иесі ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытып, дауыс беру учаскесіне барып, референдумда өз дауысын берді.
«Еліміздің келешегі үшін әр азаматтың пікірі маңызды. Сондықтан бүгінгі саяси науқанда өз таңдауымды жасап, дауыс беруге келдім», – дейді өнерпаз.
Арафат Ысқақовтың айтуынша, мұндай маңызды сәттерде ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, әр азамат өз азаматтық борышын орындауы қажет.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *