«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арын Арыстанғали жұбайымен бірге Талдықорған қаласындағы автоцонда орналасқан референдум учаскесіне келіп, ел тағдыры үшін маңызды саяси науқанға өз үлесін қосты.
Республикалық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау арқылы елдің болашақ даму бағытын айқындайтын тарихи сәт болып табылады. Сондықтан әрбір азаматтың белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы ерекше мәнге ие.
– Бүгін біз отбасымызбен бірге келіп, еліміздің болашағы үшін, балаларымыз үшін дауыс бердік. Әрбір азамат осындай тарихи сәтте бейжай қалмай, өз таңдауын жасауы керек деп есептеймін, – деді Арыстанғали Қадырұлы.
Айта кетейік, бүгін еліміз бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум өтіп жатыр. Жетісу облысының тұрғындары да бұл маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде.